Accessibility links

Дағыстанда қаза тапқан азамат - Ақтаудікі


Дағыстандағы исламистік қарулы топ. Көрнекі сурет.
Дағыстандағы исламистік қарулы топ. Көрнекі сурет.
Дағыстанда арнайы операция барысында оққа ұшқан азамат Вадим Кадымов Ақтау қаласында туған деп хабарлады бүгін сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Кадымовтың 1985 жылы туғанын, Ақтау тұрғыны екенін, 2010 жылы шілдеде Қазақстан төлқұжатымен Ресейге өткенін хабарлаған.

Министрліктің дерегі бойынша, Вадим Кадымовтың төлқұжаты 2012 жылдың мамыр айында күшін жойған. Дағыстанда қазір оның азаматтығын анықтауға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ресейлік ақпарат құралдары бұған дейін Дағыстандағы арнайы операцияда қаза тапқан қарулы топ өкілінің Қазақстан азаматы екенін жазған еді.
XS
SM
MD
LG