Accessibility links

Франция Сирия оппозициялық блогын мойындады


Франция президенті Франсуа Олланд баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Париж, 13 қараша 2012 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Париж, 13 қараша 2012 жыл.

Франция билігі Сирия оппозициялық және революциялық күштерінің коалициясын Сирия халқының заңды өкілі деп таныды. Парижде өткен арнайы баспасөз жиынында Франция президенті Франсуа Олланд коалицияны "Сирияның болашақтағы өтпелі демократиялық үкіметі деп танитынын" мәлімдеді.

Өткен аптада Катардағы төрт күндік жиында Сирияның оппозициялық топтары бір блогқа біріккен еді. Сейсенбіде Каирде жиналған Еуропа Одағы мемлекеттері мен араб елдерінің сыртқы істер министрлері коалицияға қолдау білдірген.

Сирия оппозициялық коалициясын әзірге Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Еуропа мемлекеттерінің ішінен Франция ғана мойындады.
XS
SM
MD
LG