Accessibility links

Жамбыл облысында төрт шекара заставасы салынады


Қытаймен шекарадағы "Қорғас" бекетіндегі шекарашылар. (Көрнекі сурет).

Қытаймен шекарадағы "Қорғас" бекетіндегі шекарашылар. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысында төрт шекара заставасы салынады деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде Тараз шекара отрядының "Жасөркен" шекара заставасының жаңа кешені пайдалануға берілген.

Кеден Одағының сыртқы шекарасын күшейту мақсатында 2011 желтоқсанда құрылысы басталған шекара заставасының кешенінде қызметтік ғимараттар мен тұрғын үйлер бар.

Агенттіктің жазуынша, саясаткерлер "Қазақстанның оңтүстік шекарасын нығайту "Кеден Одағының құрылуы мен Ауғанстандағы жағдайдың күрделі болуына байланысты ғана емес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Орталық Азия елдерінде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында да жүзеге асып жатқанын" айтады.
XS
SM
MD
LG