Accessibility links

Қытай коммунистік партиясының құрылтайы аяқталды


Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Ху Цзиньтао құрылтай кезінде. Пекин, 8 қараша 2012 жыл.

Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Ху Цзиньтао құрылтай кезінде. Пекин, 8 қараша 2012 жыл.

Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Ху Цзиньтао партияның 18-құрылтайының аяқталғанын жария етті деп хабарлайды Xinhua ("Синьхуа") агенттігі.

Құрылтай аяқталар тұста делегаттар партия орталық комитетінің жаңа құрамын сайлады. Қытай халық республикасы төрағасының орынбасары Си Цзиньпин мен мемлекеттік кеңестің вице-премьері Ли Кэцян коммунистік партияның 18-шақырылымдағы орталық комитет мүшелері болып сайланды.

Ертең алғашқы пленарлық отырыста бас хатшы, саяси бюро мүшелері, саяси бюро тұрақты комитетінің мүшелері сайланбақ.

Құрылтай 8 қарашада басталған.
XS
SM
MD
LG