Accessibility links

Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Жиында Каспий маңы өңірінің инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан мен Орта Азиядағы өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралған.

Атырау облысы мен Маңғыстау облысының әкімдері Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Бауыржан Мұхамеджанов өз облыстарындағы түрлі саладағы ахуал жайында баяндаған.

Президенттің akorda.kz сайтының ақпараты бойынша, қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков елдің батыс аймағындағы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар жайынан хабардар еткен.

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиев Қазақстан мен Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы сөз еткен.

"Мұның сыртында, отырыста лаңкестікпен, діни экстремизммен және заңсыз есірткі айналымымен күресті жандандыруға назар аударылды" дейді президенттің баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG