Accessibility links

ЕО Нобель сыйлығын балаларға бөлмек


Еуропа Одағы (ЕО) биыл өзіне берілген Нобель сыйлығының қаржысын әлемдегі қарулы қақтығыстардан зардап шеккен балаларға бөлмек. Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозудың айтуынша, бұл сыйлық татуласу белгісі болып саналады. Сондықтан оны "келешектен үміт күттіретін", әскери қақтығыстар кезінде бірінші болып зардап шегетін балалар алуы тиіс.

Еуропа Одағына берілген ақшалай сыйлықтың көлемі 1,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Еуропа комиссиясы еуропалық жастар арасында келесі айда Ослода Нобель сыйлығын табыстау салтанатында Еуропа Одағы атынан сыйлықты алатын адамдарға конкурс жарияламақ. Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Боррозу, Еуропа одағы кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей және Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульцпен бірге сыйлықты алу салтанатына төрт адам таңдалып алынбақ.
XS
SM
MD
LG