Accessibility links

Барак Обама баспасөз жиынында жауап берді


Барак Обама баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Вашингтон, 14 қараша 2012 жыл.

Барак Обама баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Вашингтон, 14 қараша 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама екінші рет президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы баспасөз жиынын өткізді. Онда президент ең өзекті саяси және экономикалық сауалдарға жауап берді.

Барак Обама Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Дэвид Петреустің жұбайына адал болмағаны анықталған соң қызметінен кеткеніне қатысты жанжалға да түсінік берді. Обама Петреустің қызметтен кетуі мемлекеттің қауіпсіздігіне ешқандай нұқсан келтірмегенін айтты.

Барак Обаманың айтуынша, Ақ үй 11 қыркүйекте АҚШ-тың Ливиядағы елшілігіне жасалған шабуылды тергеуге барынша көмектеседі. Бірақ ол Республикашыл партияның өкілі, АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Сьюзан Райстың өзін Ливиядағы шабуылға қатысты пікірі үшін сөккенін "ерсі әрекет" деп атады. Сьюзан Райс мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның орнын басатын бірден бір адам деп есептелінеді.

Барак Обама АҚШ-тың алда "қаржылық құрдымға кету қаупіне" қатысты сұраққа да жауап берді. Айтуынша, ол дағдарысты реттеуге қатысты идеяларды қабылдауға дайын және өзінің сайлауалды кампаниясында ауқатты америкалықтардан алынатын салықты көбейту жоспары әу бастан болған. Бірақ ол жоспарға өкілдер палатасында көпшілік орынға ие Республикашыл партия қарсы.
XS
SM
MD
LG