Accessibility links

Еуропада наразылық шерулері өтті


Мадридте наразылық шеруін өткізіп тұрған испандықтар. Испания, 14 қараша 2012 жыл.
Мадридте наразылық шеруін өткізіп тұрған испандықтар. Испания, 14 қараша 2012 жыл.
Еуропаның бірнеше елінде қатаң экономикалық саясат пен жұмыссыздыққа наразылық танытқан ереуілдер болды.

Кәсіподақтар ұйымдастырған ең ірі шерулер сәрсенбіде Испания мен Португалияда өтті. Мадрид полициясы жүздеген наразылық танытушыны тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Полициямен қақтығыста 70-тен астам адам тұтқындалды. Еуропа Одағы бойынша жұмыссыздары ең көп ел Испанияда халықтың 25 пайызы жұмыссыз.

Грекияда да кәсіподақтар үш сағаттық ереуіл өткізді. Ал Италияда кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс бірнеше сағатқа тоқтап қалды.

Бельгия, Германия, Франция мен Шығыс Еуропаның кейбір елдерінде де наразылық акциялары болды. Ереуілдер кезінде Еуропа бойынша әуе рейстерінің жұмыс кестесі бұзылды.
XS
SM
MD
LG