Accessibility links

Си Цзиньпин - Қытай компартиясының бас хатшысы


Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Си Цзиньпин. Пекин, 14 қараша 2012 жыл.
Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы Си Цзиньпин. Пекин, 14 қараша 2012 жыл.
Бейсенбіде Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің алғашқы сессиясында Си Цзиньпин партияның бас хатшысы болып сайланды. Бұл туралы Қытайдың Xinhua ("Синьхуа") агенттігі хабарлады.

Партия орталық комитеті саяси бюросының тұрақты комитетіне жаңадан сайланғандар арасында Ли Кэцян, Чжан Дэцзян, Ю Чженшен, Лю Юньшань, Ван Цишань және Чжан Гаоли бар.

Әдетте партияның бас хатшысы Қытай халық республикасының төрағасы қызметін иеленеді. Сондықтан 2013 жылдың наурызында өтетін Бүкілқытайлық халық депутаттары жиынының кезекті сессиясында Си Цзиньпинге мемлекет басшылығы тапсырылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG