Accessibility links

Президент Назарбаев Си Цзиньпинді құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 9 қазан 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 9 қазан 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы болып сайланған Си Цзиньпинді лауазымымен құттықтады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Назарбаев "Си Цзиньпиннің басшылығымен партия Қытайды әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне шығаратынына және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтатынына сенім білдірді" деп жазады ресми akorda.kz сайты.

Президент Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды екенін айтқан.

"Қытай – Қазақстанның достас көршісі және маңызды стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміздің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі қарай да халықтарымыздың игілігін қамтамасыз ету үшін қарқынды дами беретініне сенемін" деген Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG