Accessibility links

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 6-орын алды


Мьянманың Янгон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар
арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 12 медаль (2 алтын, 6 күміс, 4 қола) иеленіп, жалпы есепте алтыншы орын алды.

16 жастағы ауыр атлет Надежда Ногай 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанып, алтын алды. Ол 69 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде жарысқа қатысып, жұлқа көтеруде 105 килограмм, ал серпе көтеруде 120 килограмды көтерді. Ал екінші орын алған Тайпей (Қытай) спортшысы Ло-Инг-Янг одан 25 килограмм аз көтерді. Бұл салмақтағы қола жүлде тағы бір қазақстандық атлет Татьяна Капустинаға (14 жаста) бұйырды.

94 килограмм салмақта жарысқа қатысқан 19 жастағы Жасұлан Қыдырбаев та 201 килограмм салмақты көтеріп, алтын жүлде иеленді. Оны ұйымдастыру комитеті «Азия чемпионатының ең үздік атлеті» деп бағалап, арнайы сыйлық берді.

Жасөспірімдер арасындағы сыннан чемпион атанған Надежда Ногай 20 жасқа
дейінгі жастар арасындағы жарысқа да қатысты. Бірақ ол бұл сында
күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз
хатшысы Ғалым Сүлейменнің айтуынша, Ногай Мьянмада қолын жарақаттап
алып, өз мүмкіндігін толық көрсете алмаған.

Нұрсұлтан Рахатов, Сергей Линдер, Жәзира Жаппарқұл, Маргарита Елисеева, Анастасия Швабауэр күміс медаль иеленді.

Ал Екатерина Столяренко мен Майра Файзуллаева, Карина Горичева қола жүлдегер атанды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG