Accessibility links

БҰҰ Газа секторындағы жағдайды талқылады


Израильдің оңтүстігіндегі Сдерот қаласында зымыран түскен аумақ. 15 қараша 2012 жыл.
Израильдің оңтүстігіндегі Сдерот қаласында зымыран түскен аумақ. 15 қараша 2012 жыл.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты төтенше жиын өткізді.

Сәрсенбіде ХАМАС жауынгерлері Израильдің солтүстігін зымырандармен атқылап, үш израильдік қаза тапқан еді. Израиль осыдан соң ХАМАС-тың бақылауындағы Газа секторына әуеден, жерден 20-ға тарта соққы берген. Оның салдарынан ХАМАС тобының әскери командирі Ахмед әл-Джаабари және 13 адам қаза тапқан. ХАМАС-тың әскери қанаты - "Изз ад-Дин әл-Кассам" батальоны бұл үшін Израильден кек қайтаратынын мәлімдеді. Ал Израиль премьер-министрі Тель-Авивтің өз азаматтарын қорғауға дайын екенін және әскери операцияларды кеңейтуді жоспарлап отырғанын ескертті.

Бүгін де Израиль әскерилері мен ХАМАС жауынгерлері Газа секторында бір-біріне оқ жаудырып жатыр.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тараптарды әскери операцияларды тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG