Accessibility links

Агенттік төрағасы: Діни ұйымдар есебін жариялауы тиіс


"Халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бөлетін қаржымен өмір сүретін діни ұйымдар салық органдарына қаржыны қалай жұмсағаны жайлы есебін беріп отыруы тиіс" деді Қазақстан дінтанушыларының 2-форумында сөйлеген дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф.

Tengrinews сайтының хабарлауынша, Қайрат Лама Шарфи бұл тұрғыда діни ұйымдардың қаржы және шаруашылық істерді жүргізуі "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заң арқылы реттелетінін айтқан.

"Бізде діни ұйымдардың өкілдерінің күдікті, тіпті қылмыстық әрекетпен шатысы болған фактілер де бар. Кейбір діни бірлестіктердің қаржылық әрекеттері күмән тудырады. Сондықтан діни бірлестіктердің қаржы-шаруашылық іс-әрекеттеріне бақылау орнату қажет. Халықаралық тәжірибе де діни ұйымдардың қаржылық әрекеті ашық болуына негізделген" дейді агенттік төрағасы.

Өткен жылдың соңында басталып, таяуда аяқталған діни ұйымдарды қайта тіркеу кезінде діни бірлестіктердің үштен біріне жуығы тіркеуден өтпей қалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG