Accessibility links

Қазақстан Израильдің Газа секторына соққысын айыптады


Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

"Қазақстан Израильдің Газа секторына жасаған әуе соққысын айыптайды" деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Джибутида өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлерінің жиынында.

Бұл туралы хабарлаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің ақпараты бойынша, Ыдырысов "Біз Израильдің Газа секторына адам шығынына ұшыратып, инфрақұрылымға зардап келтірген соққы беруін айыптаймыз. Екі жақ та дереу қақтығыстың ушығып кетпеу шараларын қабылдап, халықаралық гуманитарлық құқықтарға сай өз міндеттемелерін орындауы тиіс" деген.

Осы аптада Газа секторында басталған екі жақты атыстар салдарынан онға тарта палестиналық пен Израильдің үш азаматы қаза тапты. Израиль соққысынан қаза тапқандар арасында ХАМАС тобының әскери командирі Ахмед әл-Джаабари де бар.
XS
SM
MD
LG