Accessibility links

"Құдайға тіл тигізген" пәкістандық өлім жазасына кесілді


Полиция өлім жазасына кесілген әйел Азия Бибиден (ортада) саусақ таңбасын алып жатыр. Пенджаб провинциясы. 20 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет).
Полиция өлім жазасына кесілген әйел Азия Бибиден (ортада) саусақ таңбасын алып жатыр. Пенджаб провинциясы. 20 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет).
Пәкістан соты бейсенбіде жас жігіт Хазрат Әли Шахты "құдайға тіл тигізді" деген айыппен өлім жазасына кесті. Жергілікті полицей Әмір Ханның айтуынша, ол наурыз айында Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын сөз айтты деген айыппен тұтқындалған.

Хазрат Әли Шахқа шығарылған үкім - 2010 жылы христиан әйел Әсия Бибиді "құдайға тіл тигізді" деп айыптап, өлім жазасына кесілгеннен кейінгі алғашқы жаза. Бірақ Әсия Бибиге қатысты өлім жазасы әлі орындалған жоқ.

Әсия Бибидің үкімінен соң халықаралық қауымдастық 1980 жылдары әскери диктатор Зия-ул-Хактың бастамасы бойынша қабылданған дінді қорлау туралы заңды сынаған. Бірақ өлім жазаларының көпшілігін апелляциялық шағым арқылы өзгертуге мүмкіндік бар.
XS
SM
MD
LG