Accessibility links

Германия канцлері Ресейге барды


Владимир Путин мен Ангела Меркель. Берлин, 1 маусым 2012 жыл.

Владимир Путин мен Ангела Меркель. Берлин, 1 маусым 2012 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель бүгін жұмыс сапарымен Мәскеуге барды. Онда ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин кездесуде Ресей мүддесіне нұқсан келтіреді делінген еуропалық заңнамаға қатысты мәселені қозғайтынын айтқан. Ол мәселенің Еуропа Одағының "Үшінші энергия пакетіне" қатысты екенін меңзеді.

Ресейлік "Газпром" компаниясы қазір Еуропа Одағы тұтынатын газдың 25 пайызын қамтамасыз етіп отыр.

Меркель мен Путин бұған қоса Сирия, Израиль мен Газа секторындағы жағдайларды және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді талқыламақ.
XS
SM
MD
LG