Accessibility links

Израиль әскері Газа секторы маңына жинала бастады


Израильдің Газа секторымен шекарасына шоғырланған израиль танктері. 15 қараша 2012 жыл.

Израильдің Газа секторымен шекарасына шоғырланған израиль танктері. 15 қараша 2012 жыл.

Бүгін түнде Израиль Газа секторына әуеден тағы соққы берді. Газа секторы мен Израиль шекарасына Израиль әскері мен танкілері жиналып жатыр.

Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, Газа секторындағы әскери операция бүгін басталуы мүмкін. Бірақ әскери шенеуніктер бұған қатысты нақты шешім әлі қабылданбағанын айтады.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бүгін Газа секторына Египет премьер-министрінің сапарлап келуіне байланысты әскери операцияны уақытша тоқтататынын айтады.

Израиль әскери ұшақтары бейсенбіде ХАМАС жауынгерлері, олардың қару-жарақ қоймалары және зымырандары орнатылған деген аймақтарды атқылаған. Израиль әскерилерінің дерегі бойынша, 14 қарашадан бері Газа секторындағы 350-ден астам нысанаға шабуыл жасалған. Бүгін таңертең ХАМАС та Израильді зымырандармен атқылай бастады.
XS
SM
MD
LG