Accessibility links

HRW: Қазақстан Козловтың шағымын әділ қарасын


Владимир Козлов өзіне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.

Владимир Козлов өзіне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.

Халықаралық Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Вотч") құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін 7,5 жылға сотталған оппозиция өкілі Владимир Козловтың апелляциялық шағымын әділ және шынайы түрде қарауға шақырды.

Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильям мәлімдемеде Козловқа қарсы сот ісі "бұлыңғыр және Қазақстан қол қойған адам құқықтары жөніндегі заңдарға түбегейлі қайшы келетінін" айтқан. "Сондықтан Қазақстан үкіметі Козловтың шағымын қарағанда мұны назарға алып, әділетті тыңдау болатынына кепілдік беруі тиіс" дейді ол.

Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты 2012 жылы 8 қазанда тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты 7 жыл 6 айға соттап, мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Оған "әлеуметтік араздықты қоздырды", "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған еді.

"Қазақстан сотында бұл даулы сот ісін жабуға әбден мүмкіндігі бар" дейді Human Rights Watch өкілі Хью Уильям.
XS
SM
MD
LG