Accessibility links

Фукусима АЭС-індегі апат балықтарға да әсер еткен


Цунамиден кейін. Жапонияның Мияги префектурасы, 8 наурыз 2012 жыл

Цунамиден кейін. Жапонияның Мияги префектурасы, 8 наурыз 2012 жыл


"Жапонияның солтүстік шығысында орналасқан Фукусима-1 атом электр стансасының маңынан ауланған балықтардың бойындағы радиоактивті элементтер нормадан 100 еседен астам көп" деп жазады Жапонияның жергілікті ақпарат құралдары.

Бұл жөнінде хабарлаған Риа-новости агенттінің жазуына қарағанда, апатқа ұшыраған АЭС төңірегіндегі тексерісті Жапонияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлігі жүргізген.

2011 жылы 11 наурызда Жапониядағы күшті жер сілкінісінен кейін Фукусима АЭС-і апатқа ұшыраған еді. Қуаты 9 балдық жер сілкінісінен соң іле-шала толқындарының биіктігі 14 метрге жететін цунами жүрген болатын. Соның салдарынан АЭС-тің алты реакторын су алып, салқындату жүйесі істен шыққан.

Бұл апаттың салдарын толық жойып, реакторларды қайта жөндеу үшін 40 жылға жуық уақыт керек.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG