Accessibility links

Қырғыз депутаты «СМС ажырасуға» тыйым салуды сұрады



Қырғызстан Жогорку Кеңеші «Ар-намыс» фракциясынын депутаты Тұрсынбай Бәкірұлы Қырғызстан мүфтиінен интернет және телефонмен СМС жіберу арқылы ажырасуға тыйым салу жөнінде фәтуа шығаруын сұрады.

Бұл өтініші туралы «Азаттық» радиосының қырғыз редакциясына депутаттың өзі айтып берді. Оның сөзіне қарағанда шетелге жұмыс іздеп кеткен Қырғызстан азаматтары елдегі жұбайларына телефон, интернет арқылы СМС жазып, әйелін «талақ» ететін жайттар көбейген.

Азаттық радиосының Қырғыз сайтының мәліметіне қарағанда, Қазақстан мен Ресейде 1 миллион шамасында Қырғызстан азаматтары жұмыс істейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG