Accessibility links

Италияның ең ірі банктерінің бірі Uni Credit қазақстандық инвесторлармен АТФ банкіндегі үлесін сату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, келісім-шартқа келесі жылы қол қойылмақ. Агенттіктің дереккөзінің ақпаратына қарағанда, банк үлесін иеленуге АТФ Банктің бұрынғы иесі, миллиардер 55 жастағы Болат Өтемұратов пен бір топ Қазақстан бизнесмендері мүдделі. Келісім-шарт сомасы әлі анықталмаған.

Бірақ Uni Credit бұған қатысты түсінік беруден бас тартқан. Uni Credit АТФ банктің 92 пайыз акциясына ие. Ол акцияларды 2007 жылы 2,1 миллиард АҚШ долларына сатып алған еді.

Uni Credit еуропадағы қаржы дағдарысынан қатты зардап шегіп, филиалдарын, активтерін біртіндеп сатып жатыр.

Ал АТФ Банктің бұрынғы иесі Болат Өтемұратов кезінде бірқатар мемлекеттік лауазымды қызметтер атқарған. Ол Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және президент аппаратынынң жетекшісі болды. Биыл наурыз айында Forbes журналы оның байлығын 1,5 миллиард АҚШ долларына бағалады.
XS
SM
MD
LG