Accessibility links

Талдықорғанда Владислав Челахтың соты басталды


Бүгін Талдықорған қаласында 14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған сарбаз Владислав Челахтың үстінен қозғалған іс бойынша сот отырысы басталды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, сот Талдықорғанның әскери гарнизонында, ашық түрде өтіп жатыр. Сот басталғанда Владислав Челах ақпарат құралдарының өкілдері мен журналистерді сот залынан шығарып жіберуді сұраған. Оның ұсынысын қрорғаушылары да қолдап, БАҚ өкілдері соттан шығарылған.

Владислав Челах бұған дейін алқа билер сотынан бас тартқан еді.

Арқанкергендегі оқиға 2012 жылы мамырдың 30-ы күні мәлім болды. Қазанның 1-і күні Арқанкерген бекетіндегі 14 шекарашы мен орманшының өліміне кінәлі деп қамауға алынған Владислав Челахқа "екі және одан да көп адамды өлтірді", "әскери қызметтен қашты", "әскери мүлікті зақымдады", "әскери қаруды ұрлады", "орманшы мен командирдің жеке мүлкін ұрлады" және "бөтен кісінің үйіне заңсыз кірді" деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG