Accessibility links

Қызылордада жүк пойызынан фосфор қышқылы аққан


Маңғыстау облысының Шетпе станциясында тұрған пойыз. (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысының Шетпе станциясында тұрған пойыз. (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жусалы станциясында жүк пойызы цистерналарының бірінен фосфор қышқылы ақты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Төтенше жағдайлар агенттігінің хабарлауынша, қышқыл цистернаның бүйірінен ағып жатқаны дүйсенбіге қараған түні пойызды тексеріп жатқанда байқалған. Жүк пойызы Қазығұрт станциясынан Ақтауға шыққан еді. Қазір цистерна оқшауланды, тұрғындар мен табиғатқа тигізер зияны жоқ дейді министрлік.
XS
SM
MD
LG