Accessibility links

Министр: Ішкі әскерді басқару жүйесі өзгереді


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) ішкі әскерлерді басқару жүйесін қайта қарайды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Дүйсенбіде мәжілісте сөйлеген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ІІМ ішкі әскердің дамуына назар аударатынын айтады. Оның айтуынша, министрлік Ақтөбе, Атырау, Алматы және Жамбыл облыстарындағы терактілер мен қылмыскерлермен қақтығыстан соң жеке құрамның әскери және қызметтік дайындығы мәселесіне басқаша қарай бастаған. Министрдің сөзі бойынша, ішкі әскер "дағдарысты жағдайларда" негізгі күш болып саналады.

"Сондықтан біз олардың құқық қорғаушылық жағына күш саламыз. Келесі жылдан бастап ішкі әскердің құрылымын оңтайландырып, оларды басқару жүйесін әскери доктринамен сәйкестендіруді, атап айтсақ, бригадалық құрылымнан аймақтық қолбасшылық жүйесіне көшіруді жоспарлап отырмыз" деді Қасымов.

Министр Қасымов бұл өзгерістерге қатысты заң жобасы мәжіліске жіберілгенін айтады.
XS
SM
MD
LG