Accessibility links

Барак Обама Бирмада ресми сапармен жүр


Барак Обама мен Аун Сан Су Чжидің амандасып тұрған сәті. Янгон, Бирма, 19 қараша 2012 жыл.

Барак Обама мен Аун Сан Су Чжидің амандасып тұрған сәті. Янгон, Бирма, 19 қараша 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Бирмаға (Мьянма) жасаған сапарында оппозиция жетекшісі Аун Сан Су Чжимен кездесті. Барак Обама - АҚШ тарихында Бирмаға сапарлаған алғашқы президент.

Дүйсенбіде Аун Сан Су Чжидің 15 жыл үйқамақта отырған Янгондағы үйіне барып, оппозиция жетекшісімен кездескен Обама Вашингтон Бирманың демократиялық бағытын айқын қолдайтынын айтты. "Біздің мақсатымыз - демократияландыру процесін сақтап қалу. Ол берік басқару институттарын құру, заңның үстемдігін орнату, этникалық қақтығыстарды тоқтату, әрі осы ел азаматтарының білім алуына, медициналық қамсыздандырылуына және экономикалық мүмкіндіктерді пайдалана алуына кең жол ашу" деді ол.

Бирма басшылары ондаған жылдар бойы әскери басқару кезінде нашарлап кеткен адам құқықтары жағдайын жақсартуда түбегейлі реформалар жасаған.

Су Чжи үйқамақтан 2010 жылы босатылып, парламент депутаты болып сайланды. Ал әскери хунта азаматтық үкіметтің үстемдігіне жол ашты.

Обаманың сапары қарсаңында Бирмада 50 саяси тұтқын түрмеден босатылды. Олардың арасында танымал диссидент Минт Да бар.
XS
SM
MD
LG