Accessibility links

Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатында 2-орын алды


Жансая Әбдімәлік. Алматы, 27 маусым 2012 жыл.

Жансая Әбдімәлік. Алматы, 27 маусым 2012 жыл.

Қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Словенияның Марибор қаласында өткен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы турнирдің ресми сайты хабарлайды.

Чемпионатта Әбдімәлік 8,5 ұпаймен екінші орынды жеңіп алған. Биылғы жылғы әлем чемпионы үндістандық Вайшали 9 ұпай жинаған.

Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасында бұған дейін төрт рет әлем чемпионы атанған еді.
XS
SM
MD
LG