Accessibility links

"Алға" сот үкімін айыптады


Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл

Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл

Тіркелмеген «Алға» партиясы оппозициялық саясаткер Владимир Козловқа қатысты шыққан аппеляциялық сот үкімімен келіспейтінін айтып мәлімдеме таратты.

«В.Козловтың кінәсі сотта дәлелденген жоқ, жалпы дәлелденуі де мүмкін емес еді. Қылмыстық іс материалдары, керісінше, оның саяси істермен заң аясында айналысқанын көрсетеді» деп жазылған қарашаның 19-ы күні кешке қарай таратылған мәлімдемеде.

Мәлімдеме иелері халықаралық қауымдастықтан көмек сұрай келе «Жаңаөзен актісін» қабылдауға шақырды.

Үндеуде «Біз АҚШ пен Еуропа Одағы мүшелерінің басшыларын «Магнитский актісі» үлгісінде «Жаңаөзен актісін» қабылдап, Беларусь президенті А.Лукашенко сияқты Н.Назарбаев пен оның айналасындағыларға да санкция қолдануға шақырамыз» деген жолдар бар.

Партия мәлімдемеде сонымен бірге Владимир Козлов пен өзге де саяси тұтқындардың бостандығы үшін күресетін «Қазақстанның саяси тұтқындарын қорғау комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғандығын хабарлайды.

Маңғыстау облыстық соты қарашаның 19-ы күні тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG