Accessibility links

Газа секторында қаза тапқандар 100-ге жетті


Ашкелон қаласы маңынан Газа секторына қарай атылған зымыран. Израиль, 19 қараша 2012 жыл.
Ашкелон қаласы маңынан Газа секторына қарай атылған зымыран. Израиль, 19 қараша 2012 жыл.
Газа секторында Израильдің ХАМАС жауынгерлеріне қарсы әскери операциясы кезіндегі әуе шабуылында 18 палестиндік қаза тапты. Израиль әскери әуе күштерінің алтыншы күнге созылған шабуылы барысында қаза тапқандар саны осымен 100-ге жетті.

"Ислам жиһады" ұйымы өкілінің мәлімдеуінше, кеше түнде жасалған әуе шабуылдарының бірінде Израиль әскерилері 80 соққы жасаған. Шабуыл салдарынан ұйымның бір жетекшісі қаза тапқан.

ХАМАС-тың қуғында Египетте жүрген жетекшісі Халед Мешаад "Израиль билігі соғысты өзі бастағандықтан, бейбіт келіссөздерге өзі бастамашы болуы керек" деп мәлімдеді. Ал Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Израильді Газа секторын бомбалағаны үшін террористік мемлекет деп атады.

Сейсенбіде Газа секторына араб мемлекеттері министрлерінің делегациясы, оның ішінде Египеттің сыртқы істер министрі Мұхаммед Әмір баруы тиіс. Египет билігі Израиль мен палестиналық қарулы топтар арасындағы бітім жасасу процесіне күш салып келеді. Бітімгершілік процесін қолдау үшін Газа секторына БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун де барды.
XS
SM
MD
LG