Accessibility links

СССР-ді сынап жазатын орыс жазушысы қайтыс болды


Борис Стругацкий. 21 маусым 2008 жыл.
Борис Стругацкий. 21 маусым 2008 жыл.
Орыстың танымал фантаст-жазушысы Борис Стругацкий 79 жасында қайтыс болды.

Жазушының жолдастарының айтуынша, ол Санкт-Петербург ауруханасында көз жұмған. Дәрігерлер оның біраз күн бұрын ауруханаға ауыр халде түскенін айтады.

Стругацкий бауыры Аркадиймен бірге совет билігін сынаған ондаған философиялық әрі ғылыми-фантастикалық романдар жазған. Ағайынды Стругацкийлер бұрынғы СССР мен советтік блокқа кірген елдердің барлығында танымал болды. Олардың шығармашылығы 1958 жылы басталып, 1991 жылы Аркадий Стругацкий қайтыс болғанға дейін жалғасты.

Стругацкийлердің кейбір романдары желісінде фильмдер де түсірілген. Олардың арасында Андрей Тарковский түсірген "Сталкер" фильмі бар.

Борис Стругацкий ағасы қайтыс болғаннан кейін екі роман жазды.
XS
SM
MD
LG