Accessibility links

Алматыда медиа құрылтай басталды


Алматыда бүгін қазақстандық ақпарат құралдары нарығын дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы 5-медиа құрылтай басталды. Бұл туралы құрылтайдың веб-сайты хабарлады.

Құрылтайдың басты тақырыбы - "БАҚ нарығы: тиімді басқару мен өсу нүктелері" деп аталады.

Құрылтайға 250-ге тарта адам қатысып жатыр. Олардың арасында республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, мәжіліс депутаттары, зерттеу және талдау жасау орталығының, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар.
XS
SM
MD
LG