Accessibility links

Бішкекте бірнеше әйел өздерін өртемек болды


Бішкектегі наразылық акциясы. 12 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бішкектегі наразылық акциясы. 12 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін Бішкек қаласында шағын несие компанияларына қарызы бар адамдар өткізген наразылық акциясында 10 шақты әйел өз-өздерін өртемек болды.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қаладағы Максим Горький атындағы паркте босқындарға арналған лагерьлерге 40 шақты адам жиналған. 10 шақты әйел үстеріне бензин шашып, от қоярда оларды өрт сөндірушілер мен полицейлер ұстап қалған. Наразылық танытушылар талаптары орындалмаса, сәрсенбіде өз-өздерін өртейтіндерін мәлімдеген.

Бішкекте несие компанияларынан ақша алып, қарызын қайтара алмай жүргендер қыркүйек айынан бері наразылық акцияларын өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG