Accessibility links

Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі тұтқындалды


Грузия ішкі істер министрі Ти Цулукиани.

Грузия ішкі істер министрі Ти Цулукиани.

Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі, бес жыл шетелде болып келген Иракли Окруашвили Тбилисиде тұтқынға алынды.

Азаттық радиосы Грузин қызметінің хабарлауынша, әділет министрі Ти Цулукиани Окруашвилидің сейсенбіде "өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін" Еуропадан елге оралғанын айтады. Ти Цулукиани "Германия мен Франция соттары экс-министрді саяси қуғын сүргін көріп отыр деп танығанымен, оған тағылған айыптарды бірден алып тастау мүмкін емес" екенін ескертті.

Ираклий Окруашвили Грузиядан 2007 жылы өзіне қатысты пара алды және заңсыз қарулы топ құрды деген айыптар бойынша тергеу басталған соң кетіп қалған. Кейін ол сырттай 11 жылға сотталған.

Экс-министр Грузияға жаңа үкімет ішкі істер министрлігінің бұрынғы бірнеше шенеунігіне қатысты тергеу амалдарын бастаған соң оралып отыр.
XS
SM
MD
LG