Accessibility links

Ағылшын әйелдеріне епископ болуға рұқсат етпеді


Ағылшын шіркеуінің діни қызметшісі. Лондон, 19 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ағылшын шіркеуінің діни қызметшісі. Лондон, 19 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ағылшын (Англикан) шіркеуі әйелдерге епископ дәрежесін бермейтін болды. Әйелдерге епископ болуға рұқсат ету ұсынысын Бас синодтағы дауыс беру кезінде көпшілік қолдамаған.

Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ-тың англикан шіркеулерінде әйелдер епископ бола алады. Бірақ ағылшын шіркеуінде бұған рұқсат етілмейді.

Сейсенбіде Лондонда өткен дауыс беру - әйелдердің епископ болуына рұқсат беруді қолдайтын реформаторлар мен қарсы шығатын консерваторлардың жылдар бойғы тартысының нәтижесі. Бас синодқа 470 адам мүше.

Дүние жүзінде ағылшын шіркеуінің 80 миллионға жуық мүшесі бар.
XS
SM
MD
LG