Accessibility links

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапарымен барды" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары 21-23 қарашаға жоспарланған. Сапар аясында ол Франция президенті Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізбек. "Онда екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер талқыланатын болады" дейді баспасөз қызметі.

Сапар барысында Назарбаев Францияның саяси және іскер топтары өкілдерімен кездеспек.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG