Accessibility links

Алматыда діни әдебиет сатылатын дүкендер белгіленді


Алматы қаласы орталық мешітінің жанындағы діни заттар мен әдебиеттер сатылатын жайма сөрелер. Алматы, 14 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласы орталық мешітінің жанындағы діни заттар мен әдебиеттер сатылатын жайма сөрелер. Алматы, 14 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
КазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Алматы әкімдігі діни әдебиеттер сатылатын дүкендер тізімін анықтаған.

Қала әкімдігінің ішкі саясат басқармасының хабарламасында "Алматы қаласының әкімдігі діни әдебиет пен ақпараттық материалдарды, діни бұйымдарды тарататын стационарлы орындарды белгіледі" деп жазылған.

Алматы қаласы әкімдігі шығарған қаулы бойынша діни әдебиеттер «Гүләнда», «Booking», «Дастан», «Достық», «Арман», «Дом книги», «Көкжиек», «Жалын», «Ummastore.kz», «Аль-Фараби», «Кітап», «Академкнига», «На Майлина», «Книжный центр «Эрудит» дүкендерінде ғана сатылады.

Хабарламада "бұл қаулы 10 күн ішінде күшіне енетіні" айтылған.
XS
SM
MD
LG