Accessibility links

Челах сотта өзіне жарақат салмақ болды


Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

"Владислав Челах сот залында өз-өзіне қол салмақ болды" деп хабарлайды Алматы облыстық ішкі істер басқармасы айдауыл қызметінің бастығы Әнуар Сапыжанов. Оның сөзіне қарағанда, "Челах үстелдің қиығын сындырып алған".

Сот отырысына қатысып жатқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Челах сотта арнайы видео жазба көрсету туралы мәселе шешіліп жатқанда өз денесін жарақаттамақ болған. Ол өзіне қол жұмсайтын кезде "Бұл сот заңсыз!" деп айқайлаған.

Қазір сотта сағат 14.30-ға дейін үзіліс жарияланды. Облыстық аурухана дәрігері Асқар Кәрібековтің айтуынша, "Челахтың жағдайы бірқалыпты, сол қолында болмашы жарақаты бар".
XS
SM
MD
LG