Accessibility links

Журналистер одағы: Оппозициялық басылымдарды қолдаймыз


Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев. Алматы, 19 қараша 2012 жыл.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев. Алматы, 19 қараша 2012 жыл.
«Қазақстан журналистер одағы оппозициялық басылымдарды жабылуын қолдамайды» деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі. Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, оппозициялық басылымдар мемлекеттік тіркеуден өткен, сондықтан олардың қызмет етуіне хақы бар.

Бүгін бас прокуратура өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков «Алматы қаласының прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы, «Халық майданы» қозғалысын экстремистік деп танып, «К-плюс», «Взгляд», «Голос республики» сияқты бірнеше оппозициялық ақпарат құралдарын жабуды сұрағанын» хабарлаған.

«Мен прокуратураның шешімін қолдамаймын. Сот болса, аталған басылымдардың мүдделерін қорғаймыз» дейді Сейітқазы Матаев.
XS
SM
MD
LG