Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландпен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 қазан 2012 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 қазан 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парижде Франция президенті Франсуа Олландпен кездесті деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысында Назарбаев екі елдің 27 бірлескен ірі жобаны жүзеге асыратынын, екі ел арасындағы тауар айналымы 6 миллиард долларға жеткенін айтқан. "Біз бұл жобаларды жүзеге асыру үшін «Назарбаев-Олланд» комиссиясы деңгейінде жыл сайынғы кездесуді жалғастырамыз" деді Қазақстан президенті.

Назарбаев Қазақстанның Франциямен білім, зерттеу және инновация саласында, соның ішінде жоғары оқу орындары деңгейіндегі ынтымақтастық орнатуға қызығатынын айтты. Кездесуде екі ел байланысын нығайту үшін Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігі де талқыланды.

Кездесу соңында Назарбаев Олландты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG