Accessibility links

ҰҚК: "Батыс" аймақтық шекара басшысы тұтқындалды


ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті. Тараз қаласы. 15 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті. Тараз қаласы. 15 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі "Батыс" аймақтық басқармасының бастығы Ә.Ілиясов тұтқындалды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, ҰҚК тергеу департаменті "Батыс" аймақтық басқармасының бірнеше әскери қызметкерінің үстінен қылмыстық кодекстің 380 бабы 1 тармағы, 311 бабының 5 тармағы бойынша "қызмет өкілетін асыра пайдалану және пара алу" фактісімен іс қозғалған.

ҰҚК қазір іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG