Accessibility links

Кеден Одағы аумағында еуразиялық полиция құрылмақ


Арнайы операция орнында жүрген полиция қызметкері. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Арнайы операция орнында жүрген полиция қызметкері. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Кеден Одағы аумағында еуразиялық полиция құрылады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық полиция комитеті экстремизммен күрес бөлімінің бастығы Еркін Қалиевке сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Бейсенбіде Астанада "Қазіргі заманғы терроризмге қарсы тұру" атты конференцияда сөйлеген Қалиев: "Қазір ресейлік және беларусьтік әріптестерімізбен бірлескен жұмыс тобын құрдық. Онда қазір Кеден Одағы аумағында еуразиялық полиция құру мәселесі жан-жақты қарастырылып жатыр" деді ол.
XS
SM
MD
LG