Accessibility links

2012 жылы әлемде 119 журналист қаза тапты


Халықаралық International Press Institute ұйымының веб-сайты. (Көрнекі сурет).
Халықаралық International Press Institute ұйымының веб-сайты. (Көрнекі сурет).
Халықаралық International Press Institute (IPI) баспасөз құқығын қорғау ұйымы "Әлем елдерінің үкіметтері журналистерге қатер төндірушілермен күресті өз мойнына алуы керек" деп мәлімдеді. Ұйым бұл туралы қарашаның 22-сі күні жазаланбаумен күрес күніне орай өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

IPI келтірген дерек бойынша, 2012 жыл БАҚ үшін ең қауіпті жыл болған. Биыл әлемде кәсіби қызметін атқару кезінде 119 журналист қаза тапқан.

23 қараша - халықаралық жазаланбаумен күрес күні. Биыл Филиппиннің Минданао аралындағы қырғынның төрт жылдығы атап өтіледі. Мұнда 2009 жылы қарашаның 23-і күні болған қырғында 32 журналист қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG