Accessibility links

«Республиканың» тиражы тәркіленбеді


"Голос Республики" газеті. 14 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
"Голос Республики" газеті. 14 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Оппозициялық "Республика" ("Голос республики») газетінің бейсенбідегі тиражы тұтқынға алынған жоқ, саудаға түсті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Кеше "Республика" басылымы "Алматы қаласының Медеу аудандық соты бейсенбіде газет тиражын Алматы әуежайына келген бетінде тұтқынға алу туралы шешім шығарды" деп хабарлаған еді.

Жұмада өткен баспасөз жиынында газеттің бас редакторы Татьяна Трубачева "сот шешіміне қарамастан, газет тиражы тұтқынға алынбағанын" айтты.

Ал заңгер Сергей Уткиннің түсіндіргеніне қарағанда, "газеттің бұл тиражы сот шешім шығарғанға дейін басылып қойғандықтан тұтқынған алынбаған - ал келесі нөмір жарыққа шықпайды".
XS
SM
MD
LG