Accessibility links

Вадим Курамшиннің соты қайта басталды


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Петропавл, 18 қазан 2012 жыл.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Петропавл, 18 қазан 2012 жыл.

Таразда азаматтық белсенді Вадим Курамшиннің үстінен қайтадан қозғалған іс бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов өзінің Facebook-тегі парақшасында. Ағелеуовтің жазуынша, бүгінгі сот отырысында видео және аудио жазба түсіруге тыйым салынған.

Сот Курамшинді бұған дейін тағылған "бопсалау" бабы бойынша қайта соттамақ. 28 тамызда оны Тараз қалалық соты "өктемдік көрсетті" деп айыптап, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасымен босатқан еді. Ал 31 қазанда Вадим Курамшин Жамбыл облыстық апелляциялық сотының шешімі бойынша қайта тұтқындады. Облыстық сот бұған дейінгі үкімнің күшін жойған.

Вадим Курамшин – түрмедегі тұтқындардың құқықтарын қорғау қызметімен танылған белсенді.
XS
SM
MD
LG