Accessibility links

БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Ресейді сынады


Ресейлік журналист азаптау мен саяси қуғын-сүргінге қарсы наразылық акциясында тұр. Мәскеу, 27 қазан 2012 ж.
Ресейлік журналист азаптау мен саяси қуғын-сүргінге қарсы наразылық акциясында тұр. Мәскеу, 27 қазан 2012 ж.
БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Ресейде азаптау және қатыгездіктің басқа да түрлері туралы көптеген арыз-шағымдарға қарамастан тиімді шара қабылдамай отыр деп Ресей билігін қатты сынға алды.

Он тәуеліз сарапшы дайындаған баяндамада адамның намысын қорлайтын жазалау мен азаптауға қарсы 1987 жылы қабылданған халықаралық келісімнің Ресейде орындалмай жатқаны айтылған. Баяндама авторлары Ресей билігін елде азаптау мен қатыгездіктің барлық түрлеріне қарсы пәрменді шараларды тезірек қабылдап, осындай оқиғаларға кінәлі адамдарды жауапқа тартуға шақырған. Сонымен бірге Ресейде құқыққорғаушылар мен журналистерге қысым жасалатынын атап көрсеткен.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің өкілі Ресей үкіметі дайындаған ресми құжаттағы "алдын ала қамау орындарында азаптау. қорлау оқиғаларының кездеспегені" жайлы сөздердің жағдайдың басқаша екендігі туралы деректермен үйлеспейтіндігін айтқан.
XS
SM
MD
LG