Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 7 адам мерт болды


Шииттердің діни мерекесі кезінде жасалған шабуылдан жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Равалпинди, Пәкістан, 21 қараша 2012 ж.

Шииттердің діни мерекесі кезінде жасалған шабуылдан жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Равалпинди, Пәкістан, 21 қараша 2012 ж.

Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Дера Исмаил Хан қаласында шиит мұсылман қауымы қатысқан діни шара кезіндегі бомба жарылысынан кемінде жеті адам қаза болды, олардың төртеуі балалар. Жарылыс салдарынан 20-ға жуық адам жараланған. Полицияның хабарлауынша, бомба алыстан басқарылатын құрал арқылы іске қосылған.

Діни дәстүрге сәйкес, мұсылман күнтізбесінде жыл басы болып саналатын Мұхаррам айында шииттер Құсайын пайғамбардың қаза тапқан күнін атап өтуге жиналады. Оларға қарулы сүнниттер тарапынан жасалынуы ықтимал шабуылдың алдын алу мақсатында Пәкістанның билік орындары кеше елді мекендерде мобильдік байланыс операторларының жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Бұдан бірнеше күн бұрын Пәкістан астанасы Исламабад қаласына жақын жерде діни шара кезінде жасалған шабуыл салдарынан 23 шиит көз жұмған.
XS
SM
MD
LG