Accessibility links

Ресей оппозициясы 15 желтоқсанда шеру өткізбек


Наразылық шеруіне шыққан Ресей оппозициясының лидері Алексей Навальныйды (ортада) полиция ұстады. Мәскеу, 27 қазан 2012 ж.

Наразылық шеруіне шыққан Ресей оппозициясының лидері Алексей Навальныйды (ортада) полиция ұстады. Мәскеу, 27 қазан 2012 ж.

Бүгін Ресей оппозициясының үйлестіру кеңесі кезекті наразылық акциясын желтоқсанның 15 күні өткізу туралы шешім қабылдады. Үйлестіру кеңесінің ұйғарымы бойынша, наразылық акциясы шеру түрінде өтеді, соңынан митинг болмайды.

"Саяси тұтқындарға бостандық берілсін!", "Диктатураға жол жоқ" және "Мерзімінен бұрын қайта сайлау" деген ұрандармен өтетін "Бостандық маршына" дайындық штабын Алексей Навальный басқаратын болды.

Одан бөлек штаб құрамына қоғам белсендісі Сергей Удальцов, журналист Сергей Пархоменко, Мемлекеттік думаның бұрынғы мүшесі Геннадий Гудков, ұлтшыл Владимир Тор және "Солидарность" қозғалысының белсендісі Сергей Давидис енді.
XS
SM
MD
LG