Accessibility links

Египет полициясы алаңнан наразы жұртты күштеп таратты


Полицияның арнайы жасағы Тахрир алаңынан наразы жұртты күштеп таратты. Каир, Египет, 23 қараша 2012 ж.
Полицияның арнайы жасағы Тахрир алаңынан наразы жұртты күштеп таратты. Каир, Египет, 23 қараша 2012 ж.
Полицияның арнайы жасағы Каирдегі Тахрир алаңында билікке наразылық білдіріп тұрған жұртты тарату үшін арнайы техника мен көзден жас ағызатын газ қолданған. Билікке наразылық акциялары Александрия, Порт-Саид, Суэц қалаларында да өткен.

Александриядағы наразылық барысында шеруге шыққандар президент Мурсиді қолдайтын Мұсылман бауырлар ұйымының кеңсесіне шабуыл жасаған. Шерушілер мен полиция арасында болған қақтығыс салдарынан жүзден астам адам жарақат алған.

Егпиеттегі халық наразылығына ел президенті Мұхаммед Мурсидің өз құзыретін арттыратын жарлық шығаруы себеп болды. Бұл құжатта "президент шығарған барлық жарлықтар, шешімдер мен заңдарды талқылап, шағым айтуға болмайды" делінген. Египет оппозициясының жетекшісі Мұхаммед Әл-Барадей "Мурси өзін жаңа перғауын ретінде сезінеді" деп мәлімдеген.

Жұма күні елдің жаңа бас прокуроры болып тағайындалған Талат Ибрагим елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк пен оның төңірегінде болғандарға қарсы қылмыстық іс бойынша тергеуді жалғастырмақ ниеті барын мәлімдеді. Биыл жазда Египет соты мемлекетті 30 жыл басқарған бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті, елдің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адлиді «шерушілердің өліміне қатысы бар» деп айыптап, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кескен еді. Ал Мүбәрәкпен бірге «демонстранттар қазасына қатысы бар» деп айыпталған бұрынғы алты полиция басшысы ақталып шықты.
XS
SM
MD
LG