Accessibility links

Серік Сәпиев «Астана Арлансқа» қосылуы мүмкін


Серік Сәпиев Лондон олимпиадасының финалында, Лондон, 12 тамыз 2012 жыл

Серік Сәпиев Лондон олимпиадасының финалында, Лондон, 12 тамыз 2012 жыл


Лондон олимпиадасының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогінің иесі, боксшы Серік Сәпиев «Aстана Арланс» командасының құрамында бәсекеге шығуы мүмкін» деп хабарлайды «Спортивный портал Казахстана» сайты.

Кеше Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) бойынша «Aстана Арланс» пен «Американдық нокаутерлер» командалары арасында өткен жарысты тамашалаған Серік Сәпиев аталған сайт тілшісіне берген сұқбатында «келешекте «Aстана Арланс» құрамында жарысқа қатысуы мүмкіндігін» жоққа шығармады.

«Aстан Арланс» командасы «Американдық нокаутерлер» командасын кеше 5:0 есебімен жеңді. Бұл биылғы маусымдағы қатарынан екінші жеңісі.
XS
SM
MD
LG