Accessibility links

Египет соттары президент Мурсиге қарсы шықты


Египет президенті Мұхаммед Мурси өзін қолдаушылар алдында сөйлеп тұр. Египет, Каирдегі президент сарайының алды. 23 қараша 2012 жыл
Египет президенті Мұхаммед Мурси өзін қолдаушылар алдында сөйлеп тұр. Египет, Каирдегі президент сарайының алды. 23 қараша 2012 жыл
Египет судьяларының жоғарғы коллегиясы президент Мурсидің жаңа конституциялық декларациясына қарсылық белгісі ретінде Египеттің бүкіл аумағындағы соттар мен прокурорлардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Жоғарғы коллегияның төтенше отырысында төраға Ахмед Занд хабарлады.

Зандтың сөзіне қарағанда, аталған екі саланың қызметі бүгін жексенбіден бастап тоқтауы тиіс. Сондай-ақ төтенше отырыста сәрсенбіден бастап Египет сот корпусы өкілдерінің ереуілі басталатыны хабарланды. Олардың сөзіне қарағанда, бұл ереуіл Мурси өзі қабылдаған конституциялық декларацияның күшін жойғанға дейін жалғасады.

Осыған дейін Египеттің бірқатар ірі қалаларының судьялары өз жұмыстарын тоқтататыны туралы мәлімдеген.

Өткен бейсенбіде Египет президенті Мұхаммед Мурси жариялаған жаңа конституциялық декларацияны демокартияшыл күштер «төңкеріске» теңеп, Мурсиді «жаңа перғауын» деп сынаған.
XS
SM
MD
LG