Accessibility links

Алматы облысында тікұшақ жоғалды


Тікұшақ. Көрнекі сурет.

Тікұшақ. Көрнекі сурет.

Алматы облысында кешеден бері МИ-823 тікұшағы іздестіріліп жатыр. Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Жанатбек Сембаевтың Азаттық радиосына хабарлауына қарағанда тікұшақ ішінде экипаж мүшелерімен қоса алғанда барлығы 8 адам болған.

Кеше таңертең Алматы облысының Алакөл ауданынан шыққан ұшақ «Қазақстан-Қытай мұнай құбырын» тексеру үшін Атасу-Алашонькоу бағытына қарай беттеген.

Сембаевтың сөзінше қазір оны ҚР ҰҚК шекара отряды мен «Қазавиақұтқару» бөлімінің тікұшағы, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, «Семсер» ЖШС күзет қызметкерлері, сондай-ақ «Қазтрансойл» мекемесінің қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Оның сөзіне қарағанда жоғалған тікұшақты «Еуроазияэйр» акционерлік қоғамынан «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» компаниясы құбыр жолдарын тексеру үшін жалға алған.

"Тікұшақтың құлағаны, не болмаса шекарадан өтіп кеткені жөнінде ешқандай ақпарат жоқ",- дейді Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Жанатбек Сембаев
XS
SM
MD
LG